Nur Otan – нақты істер партиясы

Nur Otan – нақты істер партиясы

Nur Otan – нақты істер партиясы
ашық дереккөзі
249
Елбасы Nur Otan партиясы Төра­ғасының Бірінші орынба­сары Бауыржан Байбекті қабыл­дады, – деп хабарлайды Елбасы­ның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Birgemiz қорының қазіргі қызметі және партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыс­та­рына дайындық – праймериз тура­лы мәлімет берілді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Birgemiz қорының қаражаты есебінен 360 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіліп, 240 мың отбасыға қажетті азық-түлік жеткізілді. Бұдан бөлек, елорданың және Алматы қаласының медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін 2 100-ден астам қызметкерге біржолғы төлем жасалды. Сондай-ақ Birgemiz қорының қаражатынан Мақтаарал ауданы Дос­тық ауылының тұрғындарына бас­па­на салу мақсатында 340 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар партия белсенділері мен еріктілері бір мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, зардап шеккен елді мекен­дер­дің тұрғындарына жіберді. Атқарылып жатқан жұмыстың ма­ңызын айта келе, Елбасы Birgemiz қоры арқылы еліміздің шағын қала­ла­ры мен ауылдарындағы мұқтаж адам­дарға қолдау көрсетуді жалғас­ты­руды тапсырды. – Төтенше жағдай кезінде Jas Otan бүкіл ел бойынша бес мыңнан ас­там еріктіні жұмылдырды. Олар дема­лыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адам­дарға көмек жеткізді. Нағыз пат­риот­­тардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылар­дың жаңа буыны қа­лып­­тасқаны қуантады. Олардың ең бел­сенділеріне арналған алғысхат­тар­ға қол қойдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның Тұңғыш Президен­ті халықтың партияға деген сенімін нығайту жұмысын жалғастыруды тап­сырды. – Nur Otan – нақты істер партия­сы. Мен қоғамдық қабылдауларға келіп түскен хаттардың саны жеті есе ұлғайғанын және шешілген мәселе­лер­дің де артып келе жатқанын көріп отырмын. Бұл халықтың партияға деген сенімінің көрінісі. Осы жұмыс­ты одан әрі күшейту керек, – деді Елбасы. Кездесу барысында Б.Байбек Елбасына өңірлерге жасаған жұмыс сапар­ларының нәтижелері, партия­ның сайлауалды бағдарлама­сы­ның орындалу барысы және праймеризге дайындық туралы баяндады. – Қазіргі таңда 10 мың партия мүшесінен құралған кадрлық резерв жасақталды. Праймериз ережелері әйелдер мен жастарға арналған кво­таларды ескере отырып бекітілді. Партия өз мүшелері арасындағы ірік­теуді екінші жартыжылдыққа жос­парлап отыр», – деді Nur Otan пар­тия­сы Төрағасының Бірінші орын­басары.

Серіктес жаңалықтары