30 Мамыр, 10:06 708 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Бразилияда екі антирекорд тіркелді

Бразилияда өткен тәулікте 26 417 адамнан коронавирус анықталды. Мұндай көрсеткіш бұған дейін әлемнің ешбір елінде тіркелген емес.

Мемлекет бір тәулік ішінде тіркелген өлім саны жөнінен де антирекорд орнатты. Бір күнде 1156 науқас көз жұмған.

Бүгінде Бразилияда коронавирусқа шалдыққандар саны жөнінен әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Елде қатерлі вирус жұқтырғандар қатары 465 мыңнан асып жығылды. Індеттен 28 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Мамандардың айтуынша, шынайы көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Өйткені ел тұрғындарын тестілеу жұмыстары мардымды емес.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде 5 924 275 адам коронавирус жұқтырған.  Пандемия басталғалы дүние жүзінде 465 166 науқас көз жұмды.

Ал Қазақстанда соңғы тәулікте 450 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 10382-ге жетті. Індет құрбандарының саны – 37.

Соңғы жаңалықтар