333
Ақтөбелік шенеунік парамен ұсталды (видео)
Ақтөбелік шенеунік парамен ұсталды (видео)
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады.
"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.
Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.
https://www.youtube.com/watch?v=JQZrR0nBAIU&feature=emb_logo