Алматыда ыстық су өшіріледі

Алматыда ыстық су өшіріледі

Алматыда ыстық су өшіріледі
ашық дереккөзі
Алматының солтүстік бөлігінде орналасқан бірнеше көшеде ыстық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы  «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады. Компания хабарламасына сүйенсек, маусымның алғашқы он күндігінде Түрксіб ауданында бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су өшіріледі. Сүйінбай - Щелково, Элеваторская - Щелково – 1-15 маусым аралығында; Спартак - Р. Зорге, Сауранбаев - Ақан Сері, Нұрсай - Кустанайская, Спасская - Клара Цеткин – 1-12 маусым аралығында; Коминтерна - Монтажная, Майлин - Баймағамбетов – 1-15 маусым аралығында. Компанияның мәліметінше, 1-15 маусым аралығында «Лев Толстой 6 Б», «Мелкомбинат» , № 85 мектеп пен «Жас Қанат» қазандықтарының су жылытатын желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.