27 Мамыр, 11:48 362 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы енгізілуі мүмкін

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында кеңес мүшесі Асылбек Қожахметов "ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын" енгізуді ұсынды. 

«Бірінші кезекте бізге оқыту парадигмасын өзгерту керек. Жеке тұлғаны дамыту тәсіліне көшу керек. Студентке мамандықпен бірге өмірлік бағыт-бағдар бойынша білім беру керек. Патриотизмі сіңіріп, өмірге үйрету керек. Әлихан Бөкейхан айтқандай, «ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден». Бізге ЖОО-лардың ашық бәсекесін дамыту керек. Ол үшін «ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын» ұсынамын. ЖОО-ларды мемлекеттік және жеке деп бөлмей, жақсы және жаман деп бөлу керек», - деді Асылбек Қожахметов.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің айтуынша, елімізде халықаралық және ұлттық деңгейде бәсекеге қабілетті ЖОО-лар болуы тиіс.

Айта кетейік, Президенттің төрағалығымен Ұлттың кеңестің үшінші отырысы өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар