25 Мамыр, 20:49 2101 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Шекаралық бақылау бекеті: құжат тексерудің жаңа әдісі қолданылуда

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Бүгінгі таңда шекараны шетелдіктер мен қазақстандықтар кесіп өтуге тыйым салынған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Instagram парақшасында карантиндік шектеулер кезеңіндегі мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі бойынша онлайн конференцияда айтылды, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізге белгілі, 51 автомобильдік өткізу пунктінің жиырмасы уақытша жабық. Қазақстан-Қытай шекарасында 3 өткізу пункті, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында 10 өткізу пункті, Қазақстан-Өзбекстан шекарасында 2 өткізу пункті, Қазақстан-Қырғыз шекарасында 5 өткізу пункті жабық. Бүгінгі таңда шекараны шетелдіктер мен қазақстандықтар кесіп өтуге тыйым салынған. Мұны бәрі түсінуі керек. Дегенмен, шетелдегі Қазақстан азаматтары елге еш кедергісіз келе алады. Ал карантиндік шектеу қойылғанға дейін Қазақстанда қалып қойған шетелдік азаматтар Қазақстаннан шыға алады», – дейді ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаментінің орынбасары Олег Кисенко.

«Қауіпті сейілту мақсатында құжатты тексерудің жаңа әдісін ойлап таптық. Ол әдіс өткізу пунктерінде қолданылуда. Адамдармен аз байланысатын әдісті қолдану арқылы дұрыс бақылау қамтамасыз етілді және жеке құрамды ауру жұқтырып алудан қорғадық. Бұл практика алдағы уақытта да жалғасын табады», – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар