#BizBirgemiz: Алматыда аз қамтылған 1700 отбасыға 51 тонна азық-түлік жеткізіледі

#BizBirgemiz: Алматыда аз қамтылған 1700 отбасыға 51 тонна азық-түлік жеткізіледі

#BizBirgemiz: Алматыда аз қамтылған 1700 отбасыға 51 тонна азық-түлік жеткізіледі
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына аз қамтылған отбасылардан бірінші қажеттіліктегі азы-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде көптеген өтініштер түсіп жатыр. Осы орайда,  партияның Алматы қалалық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Абдухалил Долкунтаймен бірлесе отырып Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Әр отбасына табысталатын 30 келілік жиынтықта ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар.  width= «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевпен жарияланған #BizBirgemiz акциясы аясында қиын жағдай да қалған аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек көрсету мақсатында қаражат бөліп, тиісті көмекпен  1700 отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл акцияда Jas Otan жастар қанатының еріктілері іске қосылып, мекенжай бойынша жеткізуге көмектесіп жүр. Олар қорғаныс костюмы, медициналық маска және қолғаптармен қамтамасыз етілген. Jas Otan жастар қанатының Алматылық филиалына алғысымызды білдіреміз», - деді Д. Абдухалил Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, аса қажеттілікті талап ететін қызды тәрбиелеп отырған Алмағамбетова Рабиға Елбасымыздың #BizBirgemiz атты игі бастамасына, «Nur Otan» партиясы мен еріктілерге аз қамтылған азаматтарды қолдап жатқанына өз алғысын білдірді.  width= Азық-түлік тарату барысында қажет санитарлық нормалар сақталған.