447
Катар Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Катар Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Бүгін «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8.5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді.
Бұл туралы ҚР СІМ сілтеме хабарлады.
Жүктің ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар.
Көмек Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.