274
Орталық Азия: Тәжікстан коронавирус құрбандарының саны жөнінен алға шықты
Орталық Азия: Тәжікстан коронавирус құрбандарының саны жөнінен алға шықты
Тәжікстан коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Ферғана» агенттігі.
Елде COVID-19 індетіне 1500-ден аса адам шалдыққан. Науқастардың 39-ы көз жұмды. Тағы 4200-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауында. Ал 500-ге тарта адам індеттен емделіп шықты.
Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде 4 713 620 адам коронавирус жұқтырған. Індет құрбандарының саны 315 мыңнан асып жығылды.
1 486 757 тұрғынынан қатерлі вирус анықталған АҚШ індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде көш бастап тұр. Елде 89 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6440-қа жетті. 3256 адам індеттен айықты. 34 адам көз жұмды.