Атырау облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Атырау облысында атыс салдарынан 35 жастағы жігіт көз жұмды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15 мамырда Мақат кентінде болған.

Атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында мерт болған.

Полиция қызметкерлері 2 күдіктіні анықтаған. Оның біреуі ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (Адам өлтіру) жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», -деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

Back to top button