Туристік саланың алғашқы «Кең Дала» ұлттық байқауы жарияланды

Туристік саланың алғашқы «Кең Дала» ұлттық байқауы жарияланды

Туристік саланың алғашқы «Кең Дала» ұлттық байқауы жарияланды
ашық дереккөзі
850
Еліміздің туристік нарығының көшбасшыларын біріктірген Қазақстанның туриндустрия ұлттық одағының ұйымдастыруымен туристік саладағы алғашқы «Кең Дала» ұлттық жүлдесі басталды. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды. Қазақстан ұлттық туристiк ин­дус­трия одағының атқарушы директоры, «EXPO & WOMEN» Халықаралық ұйым басқармасының төрағасы Гаухар Жеңіс­бектің айтуынша, бұл сыйлық туриз­мнің дамуын ынталандыруға, жақсы компанияларды анықтауға және та­нымал бағдарлар трендін жасауға бағытталған. «Ұлттық сыйлық туризм индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін салалық жүлде ретінде «Кең дала» ұлттық жүлдесi тағайын­дал­ды. Жүлде жеңiмпазын – туризм сала­сындағы үздiктердi анықтау жұмысы 1 сәуiрден басталды. 2 ай аралығында қатысушылар өтiнiштерiн бiздiң сайтта қалдырады. Содан кейiн айтылған талаптарға сәйкес, iріктелген қатысушыларды интернетке салып, оларды онлайн дауыс беруден өткiземiз. Одан кейiн сарапшылар лауреаттарды таңдайды. Бұл жүлде күз айында берiледi», – деді Г. Жеңісбек. Оның айтуынша, аталған жүл­де iшкi туризмнiң дамуын ынта­лан­дыруға, ЭКСПО қарсаңында сервистi жақ­сартуға бағытталған. Жүлде турин­дустрия саласында жұмыс iстей­тiн кәсiпкерлердiң қолдауымен қаржы­лан­дырылады. «Аталған салалық жүлде ақшалай қаржының берiлуiн қарас­тырмайды. Бұл жағдайда жүлдеге ие болу – үздiк компанияларды ұлттық дең­гейде таныту болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның дамуына қосқан үлесi үшiн жеке арнайы аталым белгiленедi», ̶ дедi Г.Жеңiсбек. Айта кетерлігі, байқауда 12 аталым бойынша марапаттау жүргізілмек. Яғни туризмнің ең жақсы жобасы, ең жақсы ұлттық туристтік компания, ең жақсы аймақтық туристтік компания, ең жақсы гид-саяхат жүргізуші, ең жақсы шипажай, қонақүй индус­трия­сының ең жақсы нысаны, Қазақстан бойынша саяхаттаудың ең жақсы бағыттары, ең жақсы балалар демалысы, туристерге арналған ең жақсы интернет-сервис, туризмді баяндау жөніндегі ең жақсы баспасөз ақпарат құралы, туризм бойынша ең жақсы ТД жоба номинациялары бойын­ша тағайындалады. Сонымен қатар, «туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» және «сыйлықтың бас­ серік­тесінің атынан арнайы сый» атты арнайы номинациялар қарастырылған. Байқау­дың нәтижесін әділ бағалау үшін «Сарап­шылық кеңес» құрылуда. Кеңес құра­мына мем­лекеттік органдар, қоғам қайрат­керлері, туристік мамандар шақы­рылады. Аталған жобаның міндеттері «ЭКСПО-2017» қарсаңында туристік қызметтердің сапасын жақсартуға, туризммен байланысты салаларды (қолөнершілер, қызмет көрсету саласы, көлік, тамақтандыру, қонақүйлер және басқалар) дамытуға, туристік тартымды аймақтарда туризмді дәріптеуге, қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында шет тілдерін оқып-үйренуге ынталандыруға, экологиялық туризмнің дамуына көмектесуге, «2020 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту» тұжырымдамасының жүзеге асырылуына қолдау көрсетуге негізделген.

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Астана қаласы

Серіктес жаңалықтары