569
Маңғыстаулық оқушыларға қашықтан оқуға жағдай жасалды
Маңғыстаулық оқушыларға қашықтан оқуға жағдай жасалды
Nur Otan партиясына Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы 4 отбасы атынан көмек сұраған өтініш келіп түседі. Онда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының тұрғындары М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында оқитын, ал Ақшұқыр ауылының тұрғындары Ақшұқыр мектеп-лицейінде оқитын оқушыларға елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған техникалық құралдарды алуға көмектесу туралы өтінген.
Нәтижесінде өтініш берген ата-аналар партия тарапынан нақты көмекке қол жеткізген. «Бақытты отбасы» партия ұйымы Ақшұқыр ауылының тұрғындары Д. Кочмухановтар, Д. Кемелхан және А. Әбдінаймовтар отбасына қашықтан оқыту құралы ретінде смартфон, сондай-ақ, М. Сейсенбай отбасына теледидар табыс еткен. Енді онлайн сабақ оқудан еш қиындық көрмейтіндіктеріне қуанған ата-ана да, оқушы балалар да партия тарапына шынайы алғыстарын білдірді.
Әсел Жақсыбай