Алматыда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер туралы фильм түсірілді

Алматыда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер туралы фильм түсірілді

Алматыда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер туралы фильм түсірілді
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирус инфекциясымен ұйқысыз, демалыссыз күресіп жатқан дәрігерлердің ауыр жұмысы туралы фильм түсірілді, – деп жазды ҚазАқпарат. Экшн камерамен түсірілген фильмнің ерекшелігі – оқиғаның шынайы өмірден алынғандығында. Фильмге кәсіби актерлердің орнына дәрігерлердің өздері түскен. Аталған фильмнің үзіндісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажановтың Instagram парақшасында жарияланды. «Көбінесе коронавирустың бар екеніне сенбей, не үшін қамалғанын сұрап, тест қорытындысын талап ететіндер бар. Мысалы, бүгін екі адам емделіп шыққалы жатыр. Адамдар дәрігерлердің сөзіне қарағанда «Ауырғандардың түрін, видеосын көрдіңдер ме?» дегендердің сөзіне көбірек сеніп кетеді. Амал қанша, бәріне шыдаймыз. Ұйықтап жатқан баламыздың басынан иіскеп, жарымызға аманат етіп, қоштасып кеттік...», – дәрігер анестезиолог және реаниматолог Мұрат Аманбаев.