Шымкентте індет жұқтырғандар саны 131-ге жетті

Сондай-ақ!

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны тоқтату үшін әлемдік қауымдастық жетпіс жылдан аса уақыттан бері күш салып келеді,...

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин Қазақстанның саяси күнтізбесінен хабары екенін білдірді. «Келесі жылдың 10-шы қаңтарында өтетін парламент сайлауын...

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті, деп хабарлайды. "Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталған.  Өткізу бекетінде шетелдіктерді тексеру барысында Нано атты қызметтік...

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында және Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы деректер жарияланды. 

22 сәуір сағат 22.50-дегі соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда індетті жұқтырудың бірден 65 оқиғасы тіркелген болатын. Оның ішінде Шымкент қаласында – 28, Маңғыстау облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қостанай облысында -1, Павлодар облысында – 1. Шымкент қаласында вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы – науқас адамдармен қарым-қатынаста болуына орай карантиндік стационарда жатқандар.

«Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емді қабылдап жатыр. Олармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде», – делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Шымкент қаласында індеттің 131 расталған жағдайы тіркелген.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар – 73 және 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары. Олар науқас адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын. Зертханалық сынама алынған.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған», – делінген ақпаратта.

Соңғы деректерге сәйкес, Маңғыстау облысында коронавирус індеті барлығы 18 адамнан анықталды.

Павлодар облысында коронавирус инфекциясы Екібастұз қаласының 50 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам дене қызуының көтеріліп, өзін жайсыз сезінуіне байланысты медициналық көмекке жүгінген.

«Сол себепті ауруханаға жатқызылған. Кейін оған пневмония диагнозы қойылды. 21 сәуір күні COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Онымен байланыс жасаған адамдар ортасы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған», – делінген хабарламада.

Павлодар облысында инфекция жұқтырған жалпы 38 адам тіркелген.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын тағы 1 адамның жұқтырғаны анықталды. Ол 46 жастағы әйел, өзіне дейін науқас адаммен байланыста болған. Оның қарым-қатынас жасаған адамдары анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. Осы уақыттағы ресми мәліметтер бойынша, Қостанай облысында індет барлығы 35 адамнан анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында қауіпті инфекция Өскемен қаласының тұрғынынан анықталып отыр. 49 жастағы азамат 21 сәуірде COVID-19 диагнозы қойылған адаммен жақын байланыста болғандықтан, тексеруден өткен. 22 сәуір күнгі анализ қорытындысы оның да коронавирус жұқтырғанын көрсетті.

«Эпидемиологиялық анамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Науқас оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Қазіргі уақытта онымен қарым-қатынас жасаған азаматтарды анықтау және оқшаулау, эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген мәліметте.

Соңғы деректерге сәйкес, ШҚО-да жалпы 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2135-ке жетті. Індеттен 515 адам емделіп шықты. 19 адам көз жұмды.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...