Арман Шораев қамауға алынды

Полиция департаменті Арман Шораевты қамауға алды. Оған ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімі бойынша Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.

«Арман Шораев әлеуметтік желілерде бірнеше рет жалған ақпарат таратқан. Бұл әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген», – делінген хабарламада.

Арман Шораев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып, Қарағандыдағы уақытша ұстау орнына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Back to top button