Израильдің денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды

Израильдің денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды

Израильдің денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Яаков Литсман коронавирус жұқтырды.  Министрлікте хабарланғандай, коронавирус тек шенеуніктен ғана емес, оның әйелінен де табылған деп жазады Jerusalem Times. Екеуі де карантинге жатқызылды. Министр үйде оқшауланып, жұмысын жалғастырады деп хабарланған. Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ел аумағында жаңа коронавирус жұқтырудың жеті мың дерегі тіркелген. Жиырма бес адам осы індеттен көз жұмған.  Израиль қауіпсіздік қызметі COVID-19 ауруына шалдыққан азаматтарды сандық бақылауды бастады.  Сондай-ақ, Израиль елге кіретін азаматтардың барлығына міндетті карантин енгізді. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 402-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 191, Алматы қаласында – 90, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 19, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 9, Атырау облысында – 18, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Жамбыл облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 21, Қызылорда облысында – 25, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 6, Түркістан облысында – 5 адам індет жұқтырған.