Дәл қазір лаңкестікпен емес, коронавируспен күресу маңызды – ДДСҰ басшысы

Дәл қазір лаңкестікпен емес, коронавируспен күресу маңызды – ДДСҰ басшысы

Дәл қазір лаңкестікпен емес, коронавируспен күресу маңызды – ДДСҰ басшысы
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың бұдан әрі дамуын болжап айту мүмкін емес деп отыр. Себебі Қытай мен әлемде қауіпті дертке шалдыққандардың саны күн сайын құбылуда. Сарапшыларды алаңдатып отырған тағы бір жайт - науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер арасында вирусты жұқтыру оқиғасының көптеп тіркелуі. Осыған байланысты халықаралық ұйым басшысы дүние жүзі қауымдастығын індетпен күресте ынтымақтастық танытып, кеселге тосқауыл қою үшін жеткілікті қаржы бөлуге шақырды, деп хабарлайды 24.kz. " Әлем халқының тарихынан тартып айтсақ. Рас, дертті естігенде жұрттың бәрі басында үрейленеді. Кейін көбіне әлгі індетке немқұрайлы қарайды. Ә дегенде, барынша өршіген кезде шығындалып, дерттің беті қайтқан соң ол туралы ұмытып, кеселдің қайталануына жол беріп қояды. Әлем лаңкестікпен күреске миллиардтаған доллар бөліп жатыр. Бірақ экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан одан әлдеқайда қауіпті дертпен күресуге аз көңіл бөледі. Бұл өте алаңдататын жағдай", - дейді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.