Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы Бас прокурорға тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қамтамасыз етуді тапсырды.