Түркістан облысында 89 адамға жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

/
Түркістан облысында 89 адамға жүргізуші куәлігі заңсыз берілген
gov.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 азаматқа жүргізуші куәлігі берілгені анықталды. Олардың бір бөлігі наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Заңбұзушылықты аудандық прокуратура қызметкерлері тексеру барысында анықтаған. Медициналық жағдайына байланысты көлік жүргізуге рұқсат етілмейтін азаматтарға арнайы құжаттар заңсыз рәсімделген.

Сарыағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Ақжол Сейдуллаевтың айтуынша, қадағалау актісі негізінде сотқа тиісті талаптар енгізілген.

"Сот шешімімен аталған азаматтардың көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылды", – деді прокуратура өкілі.

Сонымен қатар жүргізуші куәліктерін рәсімдеу кезінде заң талаптарының бұзылуына жол берген жауапты тұлғалар да жауапкершілікке тартылған. Құзырлы органдар мұндай деректер жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары