Қостанай облысында жол апатынан екі адам оқиға орнында қаза тапты

/
Қостанай облысында жол апатынан екі адам оқиға орнында қаза тапты
Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында Kia Sorento автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Қостанай – Қарабұтақ автожолында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл ауылының маңында тіркелген. Соқтығыс салдарынан Kia Sorento көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Kia Sorento жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде жеңіл көлік DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары қолға алынған.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары