22 Қаңтар, 09:04 590 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Еліміздегі бірқатар жолдар жабылды – 773 техника жұмыс істеп жатыр

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Cиноптиктердің болжамынша бүгін елімізде қар жауып, бірқатар өңірде боран соғады, көктайғақ болады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка-Риддер) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген.

Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Глубокое-Шемонаиха) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолда жүруге тыйым салынды.

Семей-Қайнар тасжолының 8-144 шақырымы аралығында (Семей-Саржал), Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымы аралығында (Шемонаиха- РФ шекарасы) жол жабылды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдарда 773 техника жұмыс істеп жатыр. Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тас жолының 17 шақырымынан (Сазды ауылы) 190 шақырымына дейін («Ақтөбе-Астрахан» тас жолы) барлық автокөлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Төтенше оқиғаға тап болған жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар