Қазақстан елшілігінің қызметкері шекарада ұсталды

Қазақстан елшілігінің қызметкері шекарада ұсталды

Қазақстан елшілігінің қызметкері шекарада ұсталды
ашық дереккөзі
Қазақстан елшілігінің қызметкері Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ұсталды. Бұған дейін қырғыз басылымдары құқыққорғау органдарына сілтеме жасай отырып, "Ақ-Жол" бақылау-өткізу пунктінде болған оқиға туралы хабарлаған болатын.  Kaktus.media сайты 10 қаңтар күні кешке елшіліктің машинасымен Қырғызстан Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматын шығаруға әрекет жасалғанын хабарлады. Кейінірек Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметінде "алаяқтық жасады" деп күдікке ілінген Қазақстан азаматшасының шекарада ұсталғаны туралы мәлімет берілді. 1970 жылы туған ҚР азаматшасының Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенін хабарлау туралы жедел тапсырма берілген. "10 қаңтарда Шекара қызметінің қызметкерлері осы азаматты ұстап, ҚР ІІМ тергеу қызметінің қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада. "Қазақстан шекарасындағы өткізу бекетінде әйел ұсталды. Іздеуде жүрген адам дипломатиялық нөмірі бар машинада отырды, шекараны заңсыз өтуге тырысқан", – деп хабарлады 24.kg агенттігіне құқық қорғау органдары. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі елшілік қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. "10 қаңтарда қырғыз тарапындағы "Ақ жол"-"Қордай" мемлекеттік шекарасының бақылау-өткізу пунктінде Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің қатысуымен оқиға орын алғанын растаймыз. Қырғыз тарапымен бірлесіп осы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-әрекеттер жүргізілуде. Қазіргі уақытта біздің қызметкер үйінде", – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.