Марқұмды "тірілткен" аурухана

Марқұмды "тірілткен" аурухана

Марқұмды "тірілткен" аурухана
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда дәрігерлер қайтыс болған науқасты "тірі" деп хаттама толтырған. Төрт жылдан бері әділдік іздеп жүрген Шухрат Таджиддиновтың айтуынша, қалалық аурухананың біріне асқазаны ауырып, ауыр халде түскен әжесіне дәрігерлер араша бола алмаған. Соңынан науқасты үйіне тірі күйінде жібердік деп хаттама толтырған. "Астана" арнасының хабарлауынша, Шухрат ауруханадан әжесінің мүрдесін алып шыққан. "Дәрігерлер оның медициналық картасын да өзгертіпті. "Онкологиялық ауруы болған" деп жазыпты. Ондай болған емес. Медициналық сараптама жасап көрсе болады. Осы жағдай бойынша талай рет сотқа арыз жаздым. Бірақ, істі жылы жауып қоя береді", – дейді Шухрат Таджиддинов. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына келіп Ішкі істер министрінен көмек сұрады. Министр тексеру мәселесін өз бақылауына алатын болды.