Республикалық ветеринариялық зертхана басшылары пара алды

Республикалық ветеринариялық зертхана басшылары пара алды

Республикалық ветеринариялық зертхана басшылары пара алды
ашық дереккөзі
 width= Бұған дейiн сыбайлас жемқорлық жасады деп күдiкке iлiнген ҚР АШМ "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының мiндетiн атқарушы М.Итеновке, оның орынбасары әрi зертхана меңгерушiсi Г.Әдiлбаеваға қатысты сотқа дейiнгi тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметi хабарлады. 3 желтоқсан күнi Алматы қаласы Жетiсу ауданының №2 аудандық сотының үкiмiмен М.Итенов пен Г.Әдiлбаева белгiлi бiр азаматты зертханашы ретiнде жұмысқа орналастыру үшiн 250 мың теңге көлемiнде пара алғаны, сондай-ақ М.Итенов кәсiпкерлерге тиiстi қорытынды беруде қызметтiк өкiлеттiгiн бұрыс пайдаланғаны үшiн кiнәлi деп танылып, әрқайсысына 10 млн теңге көлемiнде айыппұл салынды. Аталған тұлғалар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте жұмыс iстеу құқығынан айырылды.