Жазғы дөңгелекпен жүргендер жазаланады

Жазғы дөңгелекпен жүргендер жазаланады

Жазғы дөңгелекпен жүргендер жазаланады
ашық дереккөзі

1 желтоқсаннан бастап жол полициясы жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді жазалауды қолға алды. Көлігінің дөңгелегін ауыстырып үлгермегендер айыппұл арқалайды. 

Алматы қаласы ІІД Әкімшілік поли­циясы басқармасы мамандарының айтуынша, мұндай көлік жолдарда қауіпті ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарын бұзады. Жазалауды болдырмау үшін жүргізушілерге автокөлік дөңгелегін арнайы белгілермен жабдықтау ұсынылады. Барлық автокөліктердің жабдықталу керек екендігі туралы Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде айтылған. Жазғы дөңгелекпен қыста жүргені үшін жүргізушілерге бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Яғни, қауіпсіздік талаптарын орындамағандар  12 625 теңге төлеуге міндеттеледі.