29 Қараша, 10:38 244 0 Экономика Әсел ӘНУАРБЕК

Бизнесті қолдау жалғасады

Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының қолға алынғаны белгілі. Аталған бағдарлама нәтижесінде соңғы бес жыл ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 млн 300 мыңға жетті.

Бағдарламаны іске асыру ба­рысында шағын және орта кә­­сіпкерлікті дамытуда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау және Қостанай облыстары жақ­сы көрсеткіштерге жетіп, оң да­му қарқынын қамтамасыз етті. Тиімділігін көрсеткен «Биз­нес­тің жол картасы – 2020» мем­­лекеттік бағдарламасы алда та­ғы бес жылға жалғаспақ. Сол уа­қыт аралығында шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнім­дегі үлесі 35 пайызға жетуі тиіс. Мұндай міндетті Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында Ұлттық инвесторлар кеңесінің отыры­сын­да жүктегені белгілі. Бұл көрсеткіш қазір 28,4 пайызға дейін артып отыр. Бағдарлама нәтижесінде жұмыспен қам­тылғандар саны 300 мыңға кө­бейіп, 100 мыңнан астам адам бизнес жүргізу бойынша білім алды. Шағын және орта бизнес өнім­дерінің көлемі 10 трлн тең­геге, яғни 13,3-тен 23,4 трлн тең­геге дейін өсті. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар­ла­ма­сы қолға алынғалы бері Қа­зақ­стан кәсіп ашудың жеңілдігі бойын­ша Doing Business рейтингінде 16 сатыға көтеріліп, 25-орынға тұрақтады.

2015 жылдан бері бағдарла­маны жүзеге асыру үшін 282 млрд теңге жұмсалған болатын. Ал­дағы бесжылдықта қаржы кө­лемі тағы артып, 421 млрд тең­ге қарастырылмақ. Бұл қазір­гі бағдарлама қаражатына қара­ғанда 1,5 есеге артық. Қазір жұ­мыс­ты тиімді жүргізу үшін бағ­дар­ламаны барлық операторлар мен әкімдіктер арасында үйле­сім­­­ді жұмысты жолға қою қарас­ты­рылуда. Сонымен қатар ал­дағы бес жылда жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту, төле­не­тін салықтар мен бағдарлама­ға қатысушылардың кірістерінің өсуі, франшизаларды сатып алуға және қайта қаржылан­дыруға несие беру мақсаттарын кеңейту көзделген. Мемлекеттік гранттың мөлшері 3 млн-нан 5 млн теңгеге дейін, айналым қара­жаттарын несиелендіру 60-тан 180-360 млн теңгеге дейін ұлғай­тылады. Ал биыл шағын жә­не орта бизнесті дамыту үшін республикалық бюджеттен грант­тарға 128 млн теңге бө­лін­ген болатын. Сонымен қатар Жастар жылы аясында «Бизнес­тің жол кар­тасы – 2020» бағдар­ла­масы аясында 29 жасқа дейінгі жас кә­сіпкерлерге қосымша 75 млн тең­ге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар