3 Қараша, 16:30 379 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

"Канело" Ковалевті ауыр нокаутқа жіберді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды  Sports.kz.

Боксшылар жартылай ауыр салмақ санатында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласқан жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында болды.

«Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды. Альварес кәсіпқой мансабындағы 53-жеңісіне қол жеткізді, ал Ковалев төртінші рет жеңілді. Мексикалық боксшы осымен төртінші салмақ санатында әлем чемпионы болып отыр. 29 жастағы боксшы бұған дейін бірінші орта, орта және суперорта салмақ санаттарында чемпион болған.

 

Соңғы жаңалықтар