Жаңа ғасырдағы наным-сенім мәселесі

Жаңа ғасырдағы наным-сенім мәселесі

Жаңа ғасырдағы наным-сенім мәселесі
ашық дереккөзі
Елбасының рухани жаңғыру идеясы бүгінгі уақыт талабынан туындап отырған мәселе. Уақыт бір орында тұрмайды. Қазақ даналығында «Елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі уақыттың өзгешелігі адамзаттық өркениеттің тегершігі тез жүріп келеді. Осындай шақта мемлекет пен жеке адамды, тарих пен ұрпақты біріктіріп отыратын ұлттық сана, ұлттық идея және ұлттық идеология механизмі қажет. Көп жылдар бойы қазақ халқының қатпарлы тарихы отарлаушылардың ыңғайына қарай жазылып, оқытылып келгені рас. Сол арқылы ұрпақтың тарихи санасы қалыптасты. Ресей патшалығы қазақ даласын отарлау саясатының алдыңғы шебіне миссионерлерді тағайындады. Сөй­тіп ХІХ ғасырда миссионерлер ұлттық та­рих, әдебиет, мәдениет пен дүние­танымымызды, дініміз бен тіліміздің табиғи қалыбын тас-талқан етті. Сол бұрма таным-түсінікке негізделген жа­сан­дылыққа біз әлі күнге дейін қалтқысыз арқа сүйеп, сілтеме жасап келеміз. Отандық ғылыми айналымдағы жат­жұрт­тық өкілдерінің ғылыми-тарихи ең­бек­тері мен ой-пікірлерін ұлттық пайым-көзқарас тұрғысында зерделеу жағына басымдық беруді «Рухани жаңғырудың» талабы ретінде түйсінуіміз керек. Ұлттық сананың қалыптасу негізінде ұлттық тәжірибеден бөлек, діни құн­ды­лық та бар. Өкінішке қарай, радикалдық діни идеология біздің ұлттық және тарихи болмысымызға сын-қатер алып келуде. Кейбір діни ағымдар біздің мәде­ние­тімізге, тарихымызға өзімізді қарсы қой­ғысы келіп, ұлттық кодымызға шабуыл жасауда. Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов 1918 жылы «Абай» журналында жария­ла­ған бір мақаласында: «Қазақты жуырда жетілдірмейтін тағы бір себеп діни фанатизм, ескі ғұрып-ғадат. Ескі молдамен алы­сып, елді адастырған қатасын жой­ғанша, тіршілік жұмысының барлығын дін­ге байлағанын қойғызғанша, жаңа оқу ха­рам, жаңа мұғалім кәпір дегенін тоқ­тат­қан­ша, талай заман өтер. Ақыл мен адам­шылық сыйғызбайтын надан ата­ның ескі ғұрып-ғадатын жоғалту да оңай емес. Бұлар күшті тұрғанда мә­де­ниет кірмейді», – деп қоғамды жетілдірмейтін мәселені меңзеген еді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай «Біз жат идео­ло­гиялардың әсері туралы айтқанда, олар­дың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылығы мен символы тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құнды­лық­тарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» – деп жастар арасында идеологиялық, рухани-тәрбиелік жұмыстар ұлттық мүддеге сай тиімді жүргізілуі керектігін қадап айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық үндеуіне үлес қосу мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы «Туған жер» бағдарламасы аясында 2018-2020 жылдарға арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» атты кіші жобасы әзірленді. Аталған жоба дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының кү­шін топтастыруға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфес­сиялық қатынастарды дамытудың бағыт-бағдарын тұжырымдауға, діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға арналған. Кіші жобаның бастамасы ретінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ХХІ ғасырдағы Қазақ­стандағы дін» тақырыбындағы облыстық форум өтсе, екінші кезеңі 2018 жылдың 2 ширегімен 2020 жылдың 3 ширегі ара­лығында Тараз қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуын алдын алу кешенді шараларын өткізу. Сондай-ақ, 2020 жылдың қазан айында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбында қорытынды конференция өткізілетін болады. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз – егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» идеясы арқылы рухани жаңғыру құндылықтарын  жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету деп білейік.

Бақтияр Алпысбаев,

Дінтанушы