Телефонға телмірген қыз метроның астына түсіп кетті

Телефонға телмірген қыз метроның астына түсіп кетті

Телефонға телмірген қыз метроның астына түсіп кетті
ашық дереккөзі

Испанияның Мадрид қаласының тұрғыны телефонға үңіліп отырғанда метро рельсінің астына түсіп кетті. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. 

Кадрлардан бекетке пойыздың жақындап келе жатқанын аңғаруға болады. Платформаға жақындамақ болған келіншек телефонға үңіліп, рельске түсіп кеткен. Оқиға Estrecho метро станциясында орын алған.

Кейінірек баспасөз қызметінде хабарлағандай, жолаушы зардап шекпеген. Дегенмен, пойыз уақытылы тоқтады ма, әлде бойжеткен рельсте қауіпсіз поза иеленді ме белгісіз.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары әйелге де, метро станциясы басшылығына да өз кеңестерін берді.