12 фильмді мемлекет қаржыландырмақ

12 фильмді мемлекет қаржыландырмақ

12 фильмді мемлекет қаржыландырмақ
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет тарапынан өндірісіне қаржылық қолдауға ие болған киножобалардың тізімін мақұлдады, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 28 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында  ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған бірінші іріктеу байқауының қорытындысы жасалды. Ведомствоаралық комиссияның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің,  Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері кіреді. Отырыс барысында өндірісіне қаржылық қолдау білдіру үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптама кеңесі мақұлдаған 60 киножоба туралы ақпарат тыңдалды. Аталған тізімдегі киножобалар - ұлттық фильм статусы талабына сай келетін, оның ішінде, ұлттың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары көркемдік деңгейлі, мемлекеттің ұстанымына сай келетін және оның кино өнері арқылы танымалдылығына ықпал ететін туындылар.  Сонымен қатар, маңызды аспектілердің бірі - кино Қазақстанда түсірілуі қажет, сонымен қатар отандық кинокомпаниялар басқа елдермен бірлесе де түсіре алады. Отырыс нәтижесінде 12 әлеуметтік маңызы бар фильм іріктелді. Олар «Аллая нить судьбы»,  «Возвращение учителя» және «Туркестан – вчера, сегодня, завтра» деректі фильмі мен «Боксер», «Время патриотов», «Выбор», «Жизнь», «Қажымұқан», «Обучение Адемоки», «На старте», «Тырналар», «Хардкор» көркем киножобалары. Сонымен қатар, комиссия мүшелері «Огонь» дебюттік фильмін, «Ақын» және «Слепая любовь» бірлескен киножобалары мен «Каникулы оффлайн-2», «Нартай»,  «Спасение в степи» көпшілік көрермен аудиториясына  арналған фильмдерін таңдады. Мақұлданған киножобалар Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық фильмдер өндірісінің тақырыптық жоспарына еніп, бірыңғай оператор – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы биыл мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болады.