13 Қыркүйек, 17:59 5913 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Атырау облысында карантин тағы ұзартылды

Атырау облысында карантиндік шектеулер 28 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, облыстағы театр, кітапхана, мұражай тәрізді мәдени нысандардың қызметіне рұқсат етілді. Аталған нысандарда  адам саны жалпы сыйымдылықтың 50%-нан аспауы тиіс, яғни 50 адамнан көп болмауы шарт. Әлеуметтік қашықтық ережесінің сақталуы қатаң қадағалануы қажет.

Сонымен қатар, қалалық бассейндер ашылады. Олар адам саны 50-ден, яғни жалпы сыйымдылығынан 30% аспаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-22:00 аралығында жұмысын жалғастыра алады.

Бұдан бөлек, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Аталған нысандарда әлеуметтік қашықтық ережесі сақталуы шарт.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Атырау облысында 10 995 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 10 412-сі емделіп шықты. Дерті асқынған 59 адам көз жұмды.

Ал республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 106 803-ке жетті. Індеттен 1634 науқас қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар