Қытайда триатлоннан Азия чемпионатында спортшыларымыз екі алтын медаль алды

/
Қытайда триатлоннан Азия чемпионатында спортшыларымыз екі алтын медаль алды
ҰОК

Триатлоннан Қазақстан құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Жарыста Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова жеңіс тұғырына көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында қарсыластарын басып озды. Ол супер спринтті 00:25:49 нәтижесімен аяқтады.

15 жасқа дейінгі жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56-да бағындырды.

14 маусымда эстафетада мықтылар анықталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары