«Жас ғалым» ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды

«Жас ғалым» ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды

«Жас ғалым» ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды
ашық дереккөзі
Бұл туралы «Jas Otan» жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын талқылау мақсатында өткізілген бейнеконференцияда айтылды.  Соңғы бір ай көлемінде бағдарлама жастар арасында қызу талқыланып жатыр. Осы уақыт ішінде азаматтық ұстаным, білім беру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұлғалық даму сынды 5 негізгі бағыт бойынша 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Кездесу барысында «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бағдарламада көрсетілген пункттерді іске асыру үшін өңірлік және аумақтық жол карталары әзірленетінін атап өтті. «Жақын арада талқылау және ұсыныс қабылдау мақсатында барлық жол карталары Жас Отанның сайтында (jasotan.kz) жарияланатын болады. Сол себептен де жастар тарапына біз әлі көптеген ұсыныстар күтеміз», – деді ұйым басшысы. Жас кинорежиссер, сценарист, New York Film Academy түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдие Айдарбеков Алматыда жас кинорежиссерлер үшін қала көлемінде көптеген байқаулар ұйымдастырылатынын атап өтті. «Бірақ жұмыстың сапалы болуы үшін республикалық кинофестивальдар өткізуді ұсынамын. Сол фестивальдарда жас режиссерлер өз жұмыстарын ұсынып қана қоймай, тәжірибе және пікір алмаса алады», – деді жас режиссер. Бағдарлама жобасында жас ғалымдарға қатысты да бір қатар міндеттер көрініс тапқан. Осы орайда жас ғалым, PhD, Қазақстанның Жас ғалымдар альянсының негізін қалаушы және төрағасы Әсия Ермұхамбетова өз пікірін білдірді. «Менің ойымша, соңғы уақытта ғылыми әзірлемелер мен зерттеулерге емес, стартап-жобаларға көп көңіл бөлінуде. Жас ғалымдарға арналған байқайлар көптеп ұйымдастырылуы керек деп есептеймін. Сонымен қатар, Қазақстанда «Жас ғалым» ұғымы әлі күнге дейін заңды түрде бекітілмеген, сәйкесінше ғылым өкілдеріне қандай да бір жеңілдіктер мен қолдау тетіктері қарастырылмаған. Сонымен қатар, әрбір ЖОО қабырғасында студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту маңызды», – деді ол. Қорытынды құжат – «Жастар – Отанға!» бағдарламасы «Jas Otan» Жастар қанатының V съезінде қабылданады. Қазіргі уақытта жоба республика бойынша талқылануда.