11 Тамыз, 14:38 422 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Отандық кәсіпорын 700-ге жуық тыныс алу аппаратын өндірді

"Тыныс" акционерлік қоғамы Қазақстан үкіметінің жасанды тыныс алдыру аппараттарын өндіру жөніндегі қаулысын орындады.  

"Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны "Тыныс" АҚ 14 облыстың денсаулық сақтау басқармасына жалпы сомасы 310 миллион теңге тұратын 500 дана "Көкшетау-4П" жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Кәсіпорын сондай-ақ 180 дана аппаратты денсаулық сақтау министрлігіне тегін берді. "Тыныс" жалпы алғанда 700-ге жуық аппарат өндірді.

2020 жылдың соңына дейін басқа да кәсіпорындар үшін тағы 55 "Көкшетау-4П" аппаратын өндіру ісі қолға алынады деп жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар