Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов өз еркімен қызметінен босатылды, – деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.
«Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Марат Жұманқұлов аталған лауазымға 2017 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған болатын.