"Жақсы адамдар бар екен": Мақпал Жүнісова жол үстінде оқыс оқиғаға тап болды

/
"Жақсы адамдар бар екен": Мақпал Жүнісова жол үстінде оқыс оқиғаға тап болды
SN.kz коллажы

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жол үстінде күтпеген жағдайға тап болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп turkystan.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің айтуынша, ол сіңлісімен бірге көлікпен келе жатқанда дөңгелегі жарылып кеткен. Осы сәтте жолда кездескен азамат оларға көмек қолын созған.

"Сіңілім екеуміз келе жатқан едік, жолда көліктің дөңгелегі жарылды. Атыраулық Сұлтан есімді жігіт дөңгелекті ауыстырып беретінін айтты. Жақсы адамдар бар екен, жасы ұзақ болсын", – деді өнер иесі.

Жарияланған видеоны көрген желі қолданушылары әншіге алаңдап, амандық тіледі.

"Дөңгелек бүйірінен қатты тесілген екен, Құдай сақтапты", "Жақсы адамдар көп болсын", "Аман-есен қалғандарыңызға шүкір", "Адамның ниетіне қарай жақсы адамдар кездеседі", – деп жазды оқырмандар.

Көпшілік Мақпал Жүнісова мен оның сіңлісінің дін аман қалғанына қуанып, жолда көмек көрсеткен азаматқа алғыс білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары