Аргентина Англияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты

/
Аргентина Англияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: Shaun Botterill / Getty Images

Әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет әлем біріншілігінің финалына жолдама алды. Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласында өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Матчтың алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Екінші таймның 55-минутында Энтони Гордон Англияны алға шығарды. Алайда ойынның соңғы минуттарында аргентиналықтар камбэк жасап, 85-минутта Энцо Фернандес таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта Лаутаро Мартинес жеңіс голын соғып, өз командасын финалға алып шықты. Екі голдық шабуылда да нәтижелі пас авторы Лионель Месси болды.

Осылайша, қазіргі әлем чемпионы Аргентина 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниямен кездеседі. Ал Англия үшінші орын үшін Франция құрамасына қарсы алаңға шығады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары