БҚО-да жүк көлігі аударылып, тұрғындар 20 тонна жемісті бір сағатта тасып әкеткен

/
БҚО-да жүк көлігі аударылып, тұрғындар 20 тонна жемісті бір сағатта тасып әкеткен
youtube.com/@astanatv

Батыс Қазақстан облысында Самара – Орал тас жолының бойында жеміс тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жүргізушінің рұқсатымен жақын маңдағы ауыл тұрғындары шамамен 20 тонна жемісті бір сағаттың ішінде үйлеріне тасып әкеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігі жол жиегіне аударылғаннан кейін оны қайта тұрғызу үшін ішіндегі жүкті толықтай түсіру қажет болған. Жүргізушінің айтуынша, көмек дер кезінде келмегендіктен, ол амалсыз ауыл тұрғындарына жемістерді алып кетуге рұқсат берген.

Тұрғындар көп ұзамай оқиға орнына жиналып, көліктегі жемісті көліктеріне, арбалары мен қаптарына тиеп әкеткен. Соның нәтижесінде 20 тоннаға жуық өнім бір сағаттың ішінде таратылған.

"Көлікті қайта тұрғызу үшін ішіндегі жүкті босату керек болды. Жүргізуші өзі «алып кетіңдер» деп айтты. Содан кейін ауыл адамдары жемістерді жинап алды", – деді жергілікті тұрғын Рафхат Халелов.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, тас жолдың бұл бөлігінде жол-көлік оқиғалары жиі болады. Олар жауапты мекемелерден қауіпті учаскеде қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрайды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары