5 Тамыз, 11:58 480 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 700 мыңнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18,5 миллионнан, ал індеттен көз жұмғандар саны 700 мыңнан асып жығылды. Бұл туралы АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

Індет жұқтырғандар саны жөнінен дүние жүзінде көш бастап тұрған АҚШ-та 4,7 миллионнан аса адамнан қатерлі вирус анықталды. Науқастардың 156 мыңнан астамы қайтыс болды.

Ал 2,8 миллион тұрғыны індетке шалдыққан Бразилия екінші орында.  Елде пандемия басталғалы 95 мыңнан аса науқас көз жұмды.

Үшінші орында – Үндістан. Бұл елде 1,9 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індет құрбандарының саны – 39 795.

Өз еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда өткен тәулікте 1062 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 95 мыңға жуықтады. Індеттен 67 мыңнан аса адам емделіп шықса, 1058 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар