4 Тамыз, 19:51 1747 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қазгидромет еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады. 

5 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында 36 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 16 м/с.

5 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық болады. Шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.

5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. 5 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

5 тамызда күндіз Қостанай облысында 35-37 градус қатты ыстық болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с жетеді.

5 тамызда күндіз Алматы облысында 35 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Талдықорғанда күндіз 35 градус ыстық болады.

5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан, солтүстік- шығыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с жетеді. Сол күні Ақтөбе қаласында найзағай ойнап, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

5 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең таңертең және күндіз Ақтау қаласында найзағай жарқалдап, күн күркірейді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

5 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

5 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр-бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл жел соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Атырау қаласында жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Соңғы жаңалықтар