«Nur Otan» партиясы Маятас елдімекенінің көпірін жөндеп береді

«Nur Otan» партиясы Маятас елдімекенінің көпірін жөндеп береді

«Nur Otan» партиясы Маятас елдімекенінің көпірін жөндеп береді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясына Еңбекші ауданының тұрғыны Ашетов Батырхан Маятас тұрғын алабында Б.Момышұлы көшесіндегі 1976 жылы салынған көпірдің тозығы жетіп, тұрғындарға қиындық тудырып жатқанын, жүк көліктерінің өтуіне қауіп төндіріп тұрғанын жеткізіп, жаңа көпір салып беруін сұрап хабарласты. «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ильясов Ғалымжан Молдабайұлының ықпалымен Маятас тұрғын алабында көпір салынып басталды. Құрылыс жұмыстарын Шымкент қалалық көлік және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «ЖБИ - С» ЖШС жүргізуде. Көпірдің көлемі – 46 (10х54м). Көпір салуға 159 млн теңге қаржы қарастырылған. 2020 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, көпір қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Маятас елдімекенінің тұрғыны Ашетов Батырхан өз атынан және Маятас тұрғындардың атынан «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасына алғысын білдірді.