2 Сәуір, 20:16 2689 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

42 500 теңге көлеміндегі көмекке 64,2 мың адам қол жеткізді

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3 438 адам төлемін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші ​​болып табылатын 60 821 адамға тағайындады және аударды.

 Олардың ішінен:

– Нұр-Сұлтан қ. – 1 521;

– Алматы қ. – 3 500;

 – Шымкент қ. – 8 037;

 – Ақмола – 2 299;

– Ақтөбе – 2 102;

 – Алматы – 13 548;

– Атырау – 9 29;

– ШҚО – 3 435;

 – Жамбыл – 5 436;

– БҚО – 1 230;

– Қарағанды – 2 195;

 – Қостанай – 1 886;

 – Қызылорда – 3 075;

 – Маңғыстау – 1 328;

 - Павлодар – 1 522;

 – СҚО – 2 457;

– Түркістан – 6 321 адам.

Төлемді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтінішінсіз жүзеге асырылды. Төлемді соңғы 12 айда кемінде 1 рет БЖТ төлеген адамдар алды.

 

Соңғы жаңалықтар