Respublica партиясы Атырауда «ArtEco» ұжымымен пікір алмасты

/
Respublica партиясы Атырауда «ArtEco» ұжымымен пікір алмасты
Respublica партиясы

Атырауда Respublica партиясының өкілдері «ArtEco» өндіріс орнына барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында Respublica партиясының Парламенттегі үш жылдық жұмысының нәтижелері және сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кәсіпорынның қазіргі қызметі, өндірістің алдында тұрған мәселелер және оны одан әрі дамытуға қажетті жағдайлар жөнінде пікір алмасты.

«ArtEco» кәсіпорнын жас басшы Баймұрат Маңғыстауов басқарады. Ол өндірістің қазіргі жағдайы, кездесетін қиындықтар және кәсіпорынның даму перспективалары туралы айтып берді.

Кездесуде Respublica партиясының сайлауалды штабының мүшесі Айтуар Қошмамбетов өндіріс саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, кәсіпорындар мен жастардың ұсыныстарын заңнамалық деңгейде қарастыру бағыттары туралы айтты.

Respublica партиясының Орталық аппараты басшысының жастар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов жастардың қоғамдық және саяси үдерістерге араласуының маңыздылығын атап өтті.

«Жастардың ұсынысы тек пікір ретінде қалып қоймай, нақты бастамаға айналуы маңызды. Ол үшін жастардың қоғамдық және саяси үдерістерге араласуы қажет», – деді ол.

Кездесу барысында Respublica партиясының сенімді өкілдері медицина саласындағы мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, көрсетілетін қызмет сапасы және тұрғындардың қажетті медициналық көмекті уақытылы алуы мәселелері көтерілді.

Respublica партиясы өкілдерінің айтуынша, өндіріс, жастар және әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді жүйелі түрде талқылап, тиісті ұсыныстарды заңнамалық деңгейде пысықтау маңызды.

Кездесу соңында жас мамандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өндіріс пен жастарға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Respublica партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарды алдағы жұмыста ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар