Жеті партия, 14 спикер және «Уәде» форматы: Jibek Joly телеарнасындағы дебат қалай өтті?

Жеті партия, 14 спикер және «Уәде» форматы: Jibek Joly телеарнасындағы дебат қалай өтті?

Құрылтай сайлауы алдындағы партиялардың командалық теледебатының сауалнама қорытындысы анықталды. Рейтингте «Әділет» партиясы 60,6 пайыз дауыспен көш бастап тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирі кезінде көрерменге «Қай партия командасының сөзі өтімді?» деген сауал қойылды. Көрермендер экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы дауыс берген. 2 сағатқа жуық аралықта сауалнамаға 165 153 көрермен қатысты. 

Сауалнаманы «Jibek Joly» телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді. 

Айта кетейік, онлайн дауыс беру сайлау учаскесінде берілетін ресми дауыстың орнын алмастырмайды және сайлауға қатысушы партияның ресми рейтингін білдірмейді. Бұл – көрерменнің командалық телевизиялық дебатқа қатысқан партия өкілдерінің жауабы мен белсенділігіне берілген дербес баға.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар