Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды

Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды

Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды
ашық дереккөзі
«Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылғанын айтты. «Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйырса ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл – дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», – деді Дәурен Абаев.