Семейде ер адам аспалы көпірден Ертіске құлап кетті

/
Семейде ер адам аспалы көпірден Ертіске құлап кетті
ТЖМ

14 маусымға қараған түні ТЖМ қызметкерлері Семейдегі аспалы көпірден Ертіс өзеніне құлаған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, 112 қызметіне Ертіс өзені үстіндегі аспалы көпірден адамның суға құлағаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайықтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде 1999 жылы туған азамат Ертіс өзенінің Бобровка ауданынан табылып, құтқарылды, – деп мәлімдеді ведомство.

Құтқарылған азаматқа қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары