«Басыңды тік ұста»: Бас бапкердің көмекшісі Темірлан Анарбековты даттағандарға жазба жариялады

/
«Басыңды тік ұста»: Бас бапкердің көмекшісі Темірлан Анарбековты даттағандарға жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің  көмекшісі, ұлттық құраманың экс-қорғаушысы Елдос Ахметов бүгінгі матчтан кейін қақпашы Темірлан Анарбековті сынауға асықпауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, футболда қателеспейтін ойыншы болмайды, ал қақпашының әрбір қателігі өзгелерге қарағанда анық байқалады.

«Бір сәттік сәтсіздікке бола ойыншының команда үшін атқарған еңбегін ұмытып кетуге болмайды. Кеше ғана Темірлан Анарбеков “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы тарихи жетістіктеріне үлес қосқан негізгі футболшылардың бірі болды. Оның шешуші сейвтері мен сенімді ойыны командаға қиын сәттерден шығуға көмектесті», – деді Елдос Ахметов.

Сондай-ақ ол Анарбековтің Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сейвтер саны бойынша үздіктер қатарынан көрінгенін атап өтті.

Журналист жанкүйерлерді ойыншыны қиын сәтте де қолдауға шақырып, бүгінгі қателіктің орнын ертең дәл сол футболшы толтыра алатынын айтты.

«Нағыз жанкүйер командасын да, ойыншысын да тек жеңіс кезінде емес, қиын уақытта да қолдай білуі керек», – деп түйіндеді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары