Автокөлігімен өзенге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды

Автокөлігімен өзенге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды

Автокөлігімен өзенге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда автокөлігімен бірге өзенге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды. Алматы облыстық ТЖД Баспасөз қызметінің мәліметінше, «22 наурыз күні кешке Талдықорған қаласына қарасты Қызылтас саяжайы маңында жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кеткен. Оның автокөлігі өзеннің ағысымен төмен құлдилаған. Көлікте жүргізуші жалғыз болған». Көліктен шығып, бірақ жағаға жетпестен суға бата бастаған жүргізушіге саяжайдың 1995 жылғы тұрғыны көмекке ұмтылған. Оқиға куәгері Ержан Баяхметовтың айтуынша, ол жүргізушіні ес-түссіз күйде судан шығарған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. «Адам өмірін құтқарғаны үшін Ержан Баяхметов марапатқа ұсынылады», – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.