Қазақстандық қарттарға азық-түлік қоржыны жеткізіледі

Қазақстандық қарттарға азық-түлік қоржыны жеткізіледі

Қазақстандық қарттарға азық-түлік қоржыны жеткізіледі
ашық дереккөзі
RG Brands компаниясының өнімдері бар 5 мың қоржын Қазақстанның 18 қаласындағы жасы ұлғайған адамдарға жеткізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Компания өнімдерін қарттарға жеткізу жұмыстарымен айналысатын еріктілер тобы қоржындарды үйді-үйге байланыссыз әдіспен жеткізбек.   «Сіз үйде қалыңыз. Біз сіздерді жақсы көреміз және аялаймыз» дей отырып, осы бастаманы қолға алып жатырмыз. СOVID-19 пандемиясынан аға ұрпақты сақтап қалу жағына ерекше назар аудару қажет деп санаймыз. Карантин және шектеулі қозғалыс кезінде біз сіздерді қорғап, сіздердің денсаулықтарыңызға қамқорлық жасағымыз келеді», — дейді компания өкілдері.  /></span>

<span style=Ұлыстың Ұлы күні, қазақтың жаңа жылы – әз-Наурыз мейрамы кезінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа баруы керек. Бірақ осы жылғы мерекені тек отбасы аясында ғана атап өтуге тура келді. Тіпті, көптеген жандар ең жақын адамдарына тек қоңырау соғумен ғана шектеліп отыр. Осындай жағдайда аталмыш компания қашықтан болса да қарттарға жылу мен қамқорлық сыйлауды жөн көріпті. Компания қызметкерлері қарттарға алдын ала қоңырау шалып, сүт, шай, су және шырын сияқты өнімдерді байланыссыз әдіспен жеткізіп береді.  /></span>

<span style=Компания еліміздегі түрлі қауымдастықтар мен белсенді адамдарды қарттарға жақсылық жасау эстафетасын қолдауға шақырады.