Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар қыздың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар қыздың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар қыздың жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
20163
Алматыдағы Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған 2 жастағы қыз баланың жағдайы туралы мәлімет берді. ҚазАқпараттың мәліметінше, басқарма басшысы: «Бүгін тағы 3 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтадық. Олардың бірі – 2018 жылы туған бүлдіршін, ол балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала Берлин-Алматы рейсімен 13 наурызда келген. Бортта 12 адам болған. Экипажбен қоса барлығы карантинге оқшауланды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық», – деп атап өтті. Жұқпалы ауру жұқтырған 2 ересек адам қазір жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. «Қазір Алматыда 11 адамда коронавирус жұқпасы бар екені расталды. Олардың барлығы ДДСҰ хаттамасына сәйкес ем қабылдап жатыр. Симптоматикалық және вирусқа қарсы терапия басталды. Бұл азаматтармен байланыста болған адамдардың барлығы карантинге жабылды», – деді ол. Айта кетсек, Алматыда 729 адам карантинде жатыр. Тағы 760 адам үйлерінде оқшауланған. Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 27-ге жетті. Олардың 16-сы – Нұр-Сұлтан қаласында болса, 11-і – Алматы тұрғындары.

Серіктес жаңалықтары